Шымкентте үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды

Шымкентте үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды
Фото: istockphoto.com

Шымкентте үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында өз ауласында сораны заңсыз өсірген жергілікті тұрғынды анықтады. 58 жастағы ер адамнан тоғыз түп құрамында есірткі бар өсімдік тәркіленді.
 
Полицейлер бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі ("Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру") бойынша тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізіп, істі сотқа жолдаған.
 
Сот үкімімен азаматқа қатысты 9 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар тағайындалған бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіленіп, 75 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан