Шымкентте үйлену тойына қонақтар Калашников автоматын әкелген

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкенттегі үйлену тойда екі автомат қаруын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызметкерлер үйлену тойлардың бірінде қалыңдықты шығарып салу рәсімінен кейінгі отшашу кезінде атыс қаруы қолданылатыны туралы ақпарат алды.

Оқиға орнына жедел қызметкерлер тобы көрермендер және жай жүрген адамдар ретінде жіберілген.

Жедел ақпарат расталды. Сағат 00:00-де үйлердің бірінің жанында ауаға оқ ату кезінде полицейлер қаланың 2 тұрғынын автомат қаруымен ұстады. Олардан нөмірлері жойылған АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматы тәркіленді. Оқиға болған жерді тексеру барысында криминалистер жиырмаға жуық атылған оқ гильзасын тапты.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!