Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтірді деп айыпталған жасөспірімнің ісі қайта қаралып жатыр

Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтіріп, сүйегін қоқысқа тастады деп айыпталған 17 жастағы жасөспірімге қатысты апелляциялық сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Айыпталушы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді. Сот оны Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабымен кінәлі деп танып, "Мәйітті қорлау" бабы бойынша ақтаған еді.

Алайда марқұмның жақындары сот үкімімен келіспейді. Олар күдікті мәйітті қорлағанына сенімді әрі берілген жаза мерзімі тым аз екенін айтады.

Айта кетейік, оқиға былтыр шілдеде болған. Он тәулік бойы іздестірілген әйелдің денесі бірнеше жерінен пышақталған. 26 жастағы әйел қосымша табыс табу үшін үй тазалауға барған. Марқұмның артында күйеуі мен кәмелетке толмаған 2 баласы қалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!