- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте үшінші қабаттан...
Шымкентте үшінші қабаттан құлап кеткен 6 жастағы баланың жағдайы ауыр
Шымкентте 6 жастағы бала үшінші қабаттан құлап түсті. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті ТЖД мәліметінше, бала ересектердің қарауынсыз қалып, 26 маусымда тұрғын үйдің үшінші қабатынан кешкі уақытта құлап түскен.
"Есептік кезеңде Шымкентте осындай үш жағдай тіркелді, барлық жағдайда балалар жарақат алды. Былтырмен салыстырғанда мұндай жайттар азайған. Дегенмен терезеден құлау деректері әлі де тіркеліп тұрады", - дейді Шымкенттің ТЖД өкілдері.
Осыған байланысты құтқарушылар ата-аналарына жазатайым оқиғалар мен қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін еске салды:
- Терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бір секунд баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін.
- Масалардың торларын тиісті қорғаныссыз қолдануға болмайды. Бала алдынан белгілі бір кедергіні көреді және ол оған сенімді түрде сүйенеді, нәтижесінде тіпті бір жасар баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
- Балалардың терезенің жанында ойнауына жол бермеңіз.
- Балаларды бір секундқа да қараусыз қалдырмаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина