Шымкентте өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың әкесін полицейлер құтқарып қалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, түнгі сағат 3:00-де "102" арнасына отбасылық жанжал туралы хабарлама түскен. Шақырту бойынша мекенжайға Шымкент қаласы ПД патрульдік полиция полкінің кезекші инспекторлары Оралбек Тәшімбетов пен Бақтияр Орынбаев барған.
Полицейлерді үй иесі күтіп алып, күйеуі сарайға кеткенін айтқан.
"Артынша тәртіп сақшысы сарайда мал байлайтын арқанға ілінген ер адамды тапты. Ол тұншығып қалған. Тәшімбетов оны жедел көтеріп, серіктесін көмекке шақырған. Полицейлер ер адамды жерге түсіріп, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Содан кейін ол есін жыйды", - делінген хабарламада.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, полицейлер кем дегенде бірнеше секундқа кешіксе, азаматты құтқару мүмкін болмас еді. 27 жастағы тұрғын тұрмыстық мәселелерге байланысты осындай қадамға барған.