- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте түрме бастығының...
Шымкентте түрме бастығының өзі түрмеге түсті
Шымкентте түрме бастығы сотталды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталған. Осылайша, түрме бастығының өзі түрмеге түскен. Көпшілік "31-аймақ" атайтын түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылған.
Әл-Фараби аудандық соты төрағасының айтуынша, Жүнісбеков сотталған алты адамнан 4 миллион теңге көлемінде пара алған. Ол ауызбастырықты жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе оларды жеңіл мекемеге ауыстыру туралы келісімдер негізінде алған.
Сот төрағасы Еркебұлан Төлешовтің сөзінше, ол ақшаны құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесу үшін сұраған.
"Алты көрініс бойынша Жүнісбековтың кінәсі толық дәлелденді. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен алты азаматтың жауаптары, басқа да куәгерлердің жауаптары арқылы сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. (...) Сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.
Жүнісбеков жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтіні белгілі болды. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.
Ж. Қадыржанова