• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Шымкентте түнде таксиге мініп, ұшты-күйлі жоғалған қыз әлі табылмай жатыр

Шымкентте түнде таксиге мініп, ұшты-күйлі жоғалған қыз әлі табылмай жатыр
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шымкентте түнде таксиге отырған 17 жастағы қыз ұшты-күйлі жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қалай болған?

"Астана" телеарнасы мәліметінше, қала іргесіндегі Шұбарсу елді мекенінде тұратын ол ауылына қайтпақ болып, "Алаш" базарының тұсында көлік тоқтатқан. Алайда содан соң жасөспірім хабар-ошарсыз кеткен.

Полиция пікірі

Қазір полиция жасөспірімді іздеп жатыр. 

Шымкент полиция департаментінің Massaget.kz-ке берген жауабында да қыз әлі табылмағаны айтылған.

Бұған дейін не белгілі?

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте жоғалған оқушы қыздан бір аптадан бері хат-хабар жоқ екені хабарланды. Ол соңғы рет "Алаш" базарының маңынан таксиге отырып, одан кейін мүлдем байланысқа шықпаған.

Анасы бұрын-сонды қызының оғаш қылығын байқамаған. Сабағын оқып, қосымша курсқа қатысып жүрген оқушы арасында Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылынан Шымкентке барып жұмыс істеген. Ол 21 қаңтарда жұмыстан шығып, 20:30 шамасында анасына хабарласқан. Кейін "Алаш" базарының маңындағы кафелердің біріне телефонын қуаттауға кіріп, 1,5 сағаттан кейін де анасының қоңырауына жауап берген. Ол кезде аялдамадан таксиге отырғанын айтқан. Одан кейін хат-хабар жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова