Шымкентте төрт жасар баланың зорланып, кейін өлтірілгені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент полициясы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Шымкентте төрт жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Біз азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенулерін сұраймыз", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін "Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Telegram-каналында бүлдіршіннің зорланып, кейін айуандықпен өлтірілгені туралы жазбаны бөлісті. Бұл туралы қорға оқырманның бірінен ақпарат түскен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!