Шымкент тұрғыны төбелескеннен кейін үйінде қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 1982 жылы туған ер адам үйіне келгеннен кейін жағдайы нашарлай бастаған. Артынша әйелі жедел жәрдем шақырған.
Үйге келген жедел жәрдем ер адам қайтыс болғанын анықтаған.
Төбелес 25 тамызда сағат 21.30 шамасында "Самал" базарының маңында, Тельман ауданында боған. Алдын ала болжам бойынша, екі ер адам төбелескен.
Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!