Шымкентте терроризмді насихаттап жүрген тұрғын ұсталды

Шымкентте терроризмді насихаттап жүрген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған деген күдікке ілінді. 
 
Тергеу нұсқасы бойынша ұсталған ертеректе ұзақ уақыт бойы алыс шет елдердің бірінде тұрып, радикалды идеологияны қабылдаған. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
 
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!