- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте таудан құлаған...
Шымкентте таудан құлаған турист өлі табылды
Шымкентте 4 мың метрге жуық биіктіктен құлаған 56 жастағы турист өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райынан мәйітті төмен түсіру жұмыстары қиындағанын мәлімдеді.
"Жаңа түскен қар, күн ашық болуына байланысты қар сырғымалары болып жатты. Одан кейін еріген қар салдарынан тастардың құлауы қиындық туғызды. Бүгін толықтай мұздақпен жүріп өтті. Бір-бірін сақтандырып жүрді. Мәйітті де тік құз ғой, 70 градустағы мұздық, сол арқылы түсірді. Қазір әрі қарай мұздықтан төмен түсіп, кәдімгі жартаспен алып келіп төмен түсіріп жатыр. Орманшылардың 4 атын алдарынан жібердік, ат жүріп жете алатын жерге дейін күтіп алып, одан бөлек қосымша 10 адам көмекке жібердік, көтеріп, төмен түсіруге", - деді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.
Еске салайық, қайғылы оқиға 3 шілде күні Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында болған. 1967 жылы туған ер адам таудан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлаған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал іздеу-құтқару жұмыстары 6 шілдеде басталған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан