Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді, – деп хабарлайды Денсаулық Сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында- 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 80 науқас тіркелді" – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматы және Нұр-Сұлтан қаласы 22 наурыздан бастап толықтай карантинге жабылған болатын. Кейін электронды үкімет порталы Қазақстанда коронавирус қаупі жоғары нысандардың картасын жариялады.
Карантин уақытында еліміздің жұлдыздары әлеуметтік желілер арқылы онлайн концерттер беріп, #үйденшықпа хэштегімен флешмоб ұйымдастырған болатын.