Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторинг жүргізу барысында бірнеше ер адам орамалмен көзі байланған атты баспалдақтан төмен түсірмек болған бейнежазбаны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеру нәтижесінде бұл жайт 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен "сүндет той" кезінде орын алғаны анықталды.
Жылқының иесіне қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 бабы "Жануарларға қатыгездік көрсету" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Тәртіп сақшылары жануарларды ұстау кезінде ұрып-соғуға, жануарды азаптауға, оның ішінде аштыққа, шөлдеуге және жануардың өліміне, жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соқтырған немесе соқтыруы мүмкін басқа да зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін ескертеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!