Шымкентте судья 110 млн теңге пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді

Шымкент қаласы Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына қатысты тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шымкенттік судьяға және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады.

"Олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Бас прокуратура 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес өзге ақпаратты жарияламады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!