Шымкентте ата-анасының қарауынсыз қалып, субұрқақта шомылып жүрген бала көз жұмды. Оқиға кеше, 24 шілдеде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл туралы ведомствоның дағдарыс жағдайлар басқармасына сағат 19:30-да хабарлама келіп түскен.
"2013 жылғы ер бала Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында орналасқан субұрқақта ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылған. Ол оқиға орнында қайтыс болған", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сот медициналық сараптамасы тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!