• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Шымкентте студенттер есірткімен ұсталды

Шымкентте студенттер есірткімен ұсталды
Фото: depositphotos.com

Шымкент қаласының Абай ауданы прокуратурасы синтетикалық есірткі заттарын заңсыз айналымға енгізу дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тінту нәтижесінде есірткі заттарын қойып кетумен айналысқан 18 жастағы екі студенттен есірткі дозасы бар 50 байлам тәркіленген.

"Олар қала аумағында жасырын жерлерге есірткі заттарын қойып, олардың орналасқан жері туралы мәліметті мессенджер арқылы таратып келген", - деп жазылған хабарламада.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабымен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) соталды тергеп-тексеру басталды, оларға бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.  

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын жойды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget