- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте спорт және...
Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары жауапқа тартылды
Шымкентте спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшыларына айыппұл салынып, шенеуніктер тәртіптік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура DamuBala бағдарламасына бөлінген бюджет қаражатын жоспарлау кезінде кәсіпкерлерге кедергі келтіретін, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тегін шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатыстыра алмау фактілерін анықтаған.
Прокурорлық қадағалау актісімен бұл заң бұзушылықтар жойылды. 111 кәсіпкер мен 1 инвестор 2023 жылдың тамызынан бастап damubala.kz платформасында бұрын кезекте тұрған 4 276 кәмелетке толмаған балаға қызмет көрсете бастады. Сонымен қатар биыл сәуір айынан бастап 125 кәсіпкер қызмет көрсету үшін шығармашылық үйірмелерге қатысуға damubala.kz платформасына 5 мың баланы (ваучерлерді) кезекке қоюға мүмкіндік берілді.
"Спорт және мәдениет басқармаларының бұрынғы басшылары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 234-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 369 200 теңге көлемінде айыппұл төленді. Жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан