Шымкентте жол апатынан курьер қаза тапты. Жол апаты 26 сәуір күні сағат 04:30 шамасында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Желтоқсан көшесінің бойымен келе жатқан скутер жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеке тұрғын үйдің темір қоршауына барып соғылған.
Оқиға салдарынан ер адам жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз