Шымкентте скутер мінген жасөспірім жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Самал-3 шағын ауданында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сағат 20:30 шамасында Алпамыс батыр мен Мұғалжар көшелерінің қиылысында скутер мінген жасөспірім жолдың бойымен келе жатқан Kia Optima көлігінің жүргізушісіне жол бермеген.
Жол апатынан жасөспірім мерт болды. Ол шамамен 16-17 жаста болған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм мотошлем немесе басқа да қорғаныс құралдарын кимеген.
Оқиға орнына барған дәрігерлер жасөспірімнің өлімін тіркеп алған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!