Шымкентте синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана анықталды

ҰҚК-нің Шымкент бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі затының кезекті партиясын дайындап жатқан кезде Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

10 кг жуық дайын және 60 литр "а-PVP" сұйық психотроптық заты мен 240 литр прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!