Шымкентте шөп тиелген көлік түгі қалмай жанып кеткен

Шымкентте шөп тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Тілсіз жау көліктің тіркемесінен шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке қарағанда, өртті сөндіруге қалалық Төтенше жағдайлар департаменті және әкімдіктің 20-дан аса қызметкері, 7 техникасы тартылған.

Оқиға орнында апаттар медицинасы орталығының бригадасы жұмыс істеген.

"Тұран ауданы Қазығұрт шағынауданындағы Алматы тасжолы бойында жүк көлігінің тіркемесінде шөп жанды. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, жыл басынан бері Шымкентте 58 көлік өртенген. Мамандардың айтуынша, мұның негізгі себептерінің бірі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!