Шымкентте Үндістаннан келген студент түсініксіз жағдайда көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол медициналық академияда оқыған.
"Ер адамның өліміне қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі - жүректің тоқтауы", – деп мәлімдеді Шымкент ПД өкілі.
Жігіттің денесі өзі тұратын пәтерден табылған.
Полиция департаменті мәліметінше, өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ведомство өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова