Шымкентте Қаратау ауданының әкімі футбол алаңындағы оқиғадан кейін қандай жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биыл наурыздың басында әлеуметтік желілерде Шымкентте аудан әкімі болуы мүмкін ер адам белгісіз біреуді бірнеше рет итеріп, соққығы жыққаны көрінетін видео тарады. Кейін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлаған еді.
Әкімдіктің баспасөз қызметі видеодағы адам, шынында да, аудан әкімі екенін растады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі комиссиясы Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаевқа қатысты оқиғаны қараған. Отырыс барысында қызметтік тексеріс нәтижелері зерделеніп, Алмас Абаевтың түсініктемесі тыңдалған.
Кейін Шымкент әкімінің өкімі бойынша Алмас Абаев тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз