29 жастағы әйелді Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Тексеру барысында оның сөмкесінен 6 дана бір реттік доза салынған "синтетика" табылып, тәркіленді. Тағы екеуін жасырып үлгергені анықталды. Сондай-ақ, күдіктінің өзі де есірткі тұтынғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Ол есірткі салынған пакеттерді Шымкентте тарату үшін Тараздағы жасырын жерден алып кеткен.
Ұсталған әйелдің айтуынша, есірткіні ұзақ уақыттан бері қолданып жүргендіктен ақша табу үшін ғана емес, біразын өзіне қалдыру үшін есірткі қоюшы болуды шешкен.
Полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша іс қозғады. Тергеуді аяқтаған тергеушілер осы жайт бойынша жинақталған материалдарды сотқа жіберді.
Сот әйелді есірткі заттарын өткізумен байланысты аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!