Шымкентте науқастың жүрегіне сенсациялық операция жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жүрек трансплантациясы операциясы Жүрек орталығында жасалды. Ота қазақстандық дәрігер, кардиохирург Пя Юрий Владимирович басшылығымен жасалған.
Жоспар бойынша сол жақ қарыншаның көмекші механикалық құрылғысын имплантациялау операциясы жасалуы керек еді.
"Жүрек жеткіліксіздігі бар науқас түсті. Ол операцияға дайындала батады. Операцияға бірнеше сағат қалғанда өңірден донор табылды. Ол жүрегінің жағдайы жақсы 46 жастағы ер адам болды. Жіті тексерістен кейін дәрігерлер Шымкентте жүрек трансплантациясын жасауды шешті. Жүректі әкелуге дәрігерлер отырған арнайы борт жіберілді", - дейді дәрігерлер.
Дәрігерлердің бір тобы жүректі әкелуге кеткенде, Астанадан келген дәрігерлердің екінші тобы операцияға дайындалды.
"Шамамен түнгі екілерде дәрігерлер жүректі әкеліп, бірден трансплантацияны бастады. Операция таңғы тоғызда аяқталды", - дейді дәрігерлер.
61 жастағы науқастың науқастың жағдайы жақсы.
Сарапшы Бақытжан Позиловтың сөзінше, мұндай операция тек Қазақстанда жасалады. Сарапшы жүрек трансплантациясының Шымкентте жасалуы - сенсация болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!