Шымкентте Дендросаябақ аумағынан жігіт өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Бұл жағдай 22 ақпанда таңертең болған.
"Бұл дерекке қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!