- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте "прокурордың ұлы"...
Шымкентте "прокурордың ұлы" елден кешірім сұрады
Шымкентте гүл сататын дүкен сатушысына балағат сөз айтып, үстел үстіндегі қайшымен шабуыл жасамақ болған ер адам елден кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адамның кешірім сұраған видеосын @kozachkov Telegram-каналы жариялады. Ол мас болғаны себепті осындай әрекетке барған.
"8 тамызда түнгі сағат 3-тер шамасында Romantic сауда дүкеніне барып, гүл алып, мас болып балағаттаным рас. Бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Мен ешқандай да прокурордың баласы емеспін, туыстарым да прокуратурада істемейді. Әкемнің қайтыс болғанына 32 жыл болды, анам – зейнеткер", - деді Шымкент тұрғыны.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде "прокурордың ұлы" делінген ер азаматтың гүл сататын дүкен алдында дәрет сындырып, сондай-ақ сатушыға боғауыз сөз айтқан сәтінің видеосы тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан