- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте "прокурордың әйелі"...
Шымкентте "прокурордың әйелі" қалай жазаланғаны белгілі болды
Шымкентте "прокурордың әйелі" қалай жазаланғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шымкент қаласы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот дөрекілік танытқан әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, күзет қызметкері Шымкент ҚПД Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына 15 шілде күні "ЖШС" ғимаратында жас әйел күзетшілерге дөрекі сөздер айтып балағаттағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы өтініш жазған.
"Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері әйелдің жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туылған, бұрын ажырасқан жергілікті тұрғын екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, материалдарды сотқа жолдады.
Бүгін сот өз шешімін шығарды. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрағанын назарға алып, сондай-ақ оның асырауында үш жас бала бар екенін ескеріп, оны 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты", - деп толықтырды.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде "Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшіге қоқан-лоқы жасады" деген ақпарат тарады. Осы дерек бойынша 19 шілдеде Шымкент Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына "Күзет" қызметкерінен 15 шілдеде сағат 14.00-де ЖШС ғимаратында күзетшілерге тіл тигізіп, қорлаған белгісіз қызды жауапкершілікке тарту туралы арыз түскен.
Г. Досымшалова