Шымкентте Саратов - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пойыз қозғалысы кезінде полицейлер вагон терезесінен теміржол жиегінде жүрген үш жасөспірім пойызға тас лақтырып жатқанын байқаған. Қауіптің алдын алу мақсатында полиция қызметкері пойыз машинисімен шұғыл байланысып, жылдамдықты төмендетуді сұраған.
Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде жасөспірімдер ұсталып, ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы полиция басқармасына жеткізілген.
"Кәмелетке толмағандар өз ісін мойындады. Олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!