Шымкентте танымал асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен танымал асабаны ұстаған.
"Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді адам болып шықты. Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті, ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді", - деді полиция.
Ішкі істер министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша ер адаммен бірге интим қызмет көрсететін әйел болған.
"Ұсталған адам тәркіленген заттар мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті. Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр. Бұл жайт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова