- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте полиция майоры...
Шымкентте полиция майоры тұрғын үй алуға адамдарды заңсыз тіркеген
Шымкент прокурорлары әлеуметтік несиелік тұрғын үй алудың қылмыстық схемасын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Көші-қон полициясы қызметкерінің 16 адамға қатысты әлеуметтік баспана алу үшін тұрғылықты тіркелу уақытына заңсыз өзгеріс енгізу дерегі анықталды.
Жинақталған құжаттар Қылмыстық кодекстің 369-бабының2-1-бөлігінің негізінде СДТБТ-гетіркелді (құқық қорғау органының қызметкері жасаған қызметтік жалғандық) және тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сотта көші-қон полициясы қызметкерінің кінәсі толық дәлелденіп, ол "полиция майоры" шенінен айырумен 1,5 жылға сотталды.
Сонымен қатар, тағы 147 адамды жалған тіркеуге қою дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Қазір кезекке жалған тіркелу мүмкіндігін болдырмайтын және негізсіз өтініштерді сүзуге мүмкіндік беретін жаңа автоматтандырылған жүйе енгізілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек