Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі затын тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әл-Фараби ауданы аумағында есірткі тасымалымен айналысқан күдіктіні анықтады.
Тексеру кезінде ұсталған азаматтың өзімен бірге мефедрон салынған пакеті болған.
Полиция қызметкерлері бұл әрекеттің алдын алып, психотроптық заттың 200-ден астам дозасының заңсыз айналымға түсуіне жол бермеді.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!