Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды

Шымкентте полиция бастығының орынбасары әріптесін зорлады деп айыпталды
Фото: depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде "Шымкент Полиция департаментінің қызметкері әріптесін зорлаған" деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазбаларда Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Жұмановқа қатысты зорлау дерегі бойынша арыз түскені айтылған. Қазір істі Тұран аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелген, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, жазбада полиция қызметкері қазір жүкті екені де айтылған.

Tengrinews.kz Шымкент Полиция департаментіне жүгінді. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, әйелдің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады", – деді Шымкент ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget