Шымкент полицейлері талмасы ұстаған бүлдіршінді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Патрульдік полицейлер аялдамалардың бірінде құлап, есінен танып жатқан баланы байқаған. 2 жасар баланың анасы қорыққаннан не істерін білмеген.
Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы бір жағымен жатқызып, алғашқы көмек көрсетті. Аз уақыттан соң ол есін жиып, өзіне келді.
"Кейін полицейлер баланы қызметтік көлікпен кептеліссіз, бірнеше минут ішінде ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Осылайша, тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, тағы бір адамның өмірін сақтап қалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!