Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды

Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарып қалды
Фото: Видео кадры

Шымкентте полицейлер өзенге ағып бара жатқан екі қызды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға Қарабастау шағынауданында суға шомылу кезінде екі қызды өзен ағысы алып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері судағы қыздарды көріп, бірден көмекке ұмтылған. Инспектор Нұрлан Жұмабай әріптестерімен бірге қыздарды судан шығарып, жағаға аман-есен жеткізген.

"Құтқарылған қыздарға алғашқы көмек көрсетілді. Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды", - деді ІІМ өкілдері.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget