Шымкентте полицейлер 8 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын анықтады.
41 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Тұран ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.
Қазіргі уақытта ер адам соттың шешімімен республика аумағынан аластатылып, бес жылға дейін Қазақстанға кірмеуге шешім шығарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!