Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты сотталушы Әлішер Сапаровқа қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлішер Сапаровқа Қылмыстық кодекстің 380-бабының 3-бөлігі ("Билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына қауіпті емес күш қолдану") бойынша айып тағылған.
Өзбекстан азаматы 2024 жылғы 4 маусымда Шымкентте құжатсыз жүргенде ұсталып, тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды қабылдау және тарату мекемесінің №7 камерасына орналастырылған. Сол кезде камерада кезекші инспектордың сол жағынан ұрып құлатып, мекемеден қашып кетпек болған.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденген, алайда өзі кінәсін мойындамады.
"Сапаров ҚК-нің 380-бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!