- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте полицей миллион...
Шымкентте полицей миллион теңге салынған әмиянды тауып алған
Шымкентте учаскелік полицей ішінде миллион теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Абай АПБ-ның "102" арнасы арқылы Умида Абдумуталипқызы есімді азаматша арызданды. Қала тұрғынының айтуынша, ол сауда орталығында жүргенде қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алған. Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен.
Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар әйелден мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берген.
Умида Абдумуталипқызы тәртіп сақшысының жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!