Шымкентте "ПК Asar Baspana" компаниясының басшылары қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген деген күдікке ілінді.
Залал сомасы 700 миллион теңгеден асады.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз