Шымкентте патрульдік көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
11 мамыр күні кешке Құрсай ықшамауданы "Алтын-Дән" аялдамасы маңында жол апаты болды. Онда балалар жолдың арғы бетіне жүгіріп өтпек болған.
Патрульдік көлік жүргізушісі бірден рөлді жол жиегіне бұрып, салынып жатқан үйдің іргетасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, полиция қызметкерлері көліктің ішінде қыстырылып қалған.
Қатты соққыдан патрульдік көлікте болған полицейлер зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, апат болған жердегі жаяу жүргіншілер өткелі жол қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сай емес. Жол сызбалары да, бағдаршамдар да жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!