Шымкентте пәтерден бір отбасы өлі табылды

Шымкентте Шығыс шағынауданындағы пәтерден бір отбасының үш адамы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның көршілері жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған.

"8 ақпанда сағат 16:36-да 112 қызметіне пәтер тұрғындары қоңырауға ұзақ уақыт бойы жауап бермегені және есікті ашпағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына құтқару тобы жіберілді. Есікті күштеп ашқан құтқарушылар пәтерден үш адамның денесін тапты. Тиісті қызметтер шақырылды", - деді Төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға табиғи газдан уланудан болуы мүмкін. 

Еске салайық, 9 ақпанда Ақтөбеде әйел мен үш бала өлі табылды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз