Шымкент мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының экс-басшысына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Сот шешімімен бұрынғы мемлекеттік қызметкер 30 миллион теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мәлімдеді.
Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес, сотталушы еңбек шартын ұзартуы және "қамқоршылық" уәдесі мен басқарма қызметкерінің мүдделерін қолдау үшін қарамағындағы азаматтан бір миллион теңге көлемінде пара алған.
Сондай-ақ Шымкенттегі тағы бір шенеунік үш жарым жылға сотталды. Оның мердігер мекеменің басшысынан пара алғаны дәлелденді.
"2023 жылы екі басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, соттың үкімімен кінәлі деп танылды. Оларға қарамастан тағы бір лауазымды тұлға бір мекеменің басшысы мердігер компаниядан пара алғаны үшін қазіргі уақытта кінәлі деп танылып, ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып отыр", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз