Шымкентте бухгалтер мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен №96 М.Әуезов атындағы орта мектептің бас бухгалтері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есепшотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген.
Аталған факті бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындауына байланысты сотпен аталған қылмыстық құқықбұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындалды.
Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!