- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте өзін өртеп...
Шымкентте өзін өртеп жібермек болған ер адам неге мұндай әрекетке барғаны белгілі болды
Шымкент полициясы өзін өзі өртеп жібермек болған ер адамға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін, 14 ақпанда Шымкенттегі "Шайгүл" тойханасының шатырында ер кісі үстіне жанармай құйып, өзін өзі өртеп жібермек болды. Шымкент полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді,
Ер адам мүлік мәселесіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық білдірген.
"Жедел топ оқыс жайттың алдын алды. Қазір тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдеді полиция.
Еске салайық, оқиға Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысында күндізгі уақытта болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан