Шымкентте өзін "әкімдік қызметкерімін" деп таныстырып, 70-тен астам адамнан 140 миллион теңгені алдап алған екі әйелге үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
әл-Фараби аудандық прокуратурасының мәліметінше, олар бір жыл бойы алаяқтық схема бойынша "жұмыс істеп келген".
Орта есеппен әрбір жәбірленуші айыпталушыға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектескені үшін бір миллионнан екі миллион теңгеге дейін төлеген.
Сот үкімімен Шымкенттің екі тұрғыны да алаяқ деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.
"Алаяқтар "Бір, бір жарым жыл ішінде бәрін тындырамыз" деп уәде берген. Одан кейін адамдардың шыдамы таусылып, арызданған", - деді әл-Фараби аудандық прокуратурасының аға прокуроры Мұзафар Мүтәліпов.
Прокурордың айтуынша, алаяқтар жәбірленушілерге ақшаны қайтармаған, өйткені оны жұмсап тастаған. Сот енді бұл ақшаны сотталушылардан өндіріп алмақшы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз