- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте өз пәтерінде...
Шымкентте өз пәтерінде әйелін ұрып, күйеуін өлтіріп кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр
Шымкентте белгісіз екі ер адам қала тұрғынын өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Otyrar телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, 7 қаңтарға қараған түні Қазанғап ақын көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ер адам қайтыс болған. Қайғылы оқиға кезінде марқұмның әйелі қасында болған екен. Оның айтуынша, күйеуі түнде темекі алу үшін дүкенге барған. Қайтар жолда екі бейтаныс адам оның артынан қуа бастаған, кейін пәтерге баса-көктеп кіріп кеткен. Содан кейін қаскөйлер ақша мен ұялы телефон талап етіп, ерлі-зайыптыларды бірінен соң бірі ұрып-соға бастаған.
Дәл осы жағдайдан кейін екі ер адам таксимен оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленушінің сипаттамасы бойынша, әлгі ер адамдардың бірі славян, екіншісі азиат нәсілді екен.
42 жастағы пәтер тиесі алған жарақаттарының салдарынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.
"Қазір күдіктілерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ",
- делінген жергілікті телеарна таратқан ақпаратта.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова