Шымкентте отбасылық жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды. Жанжал барысында әйелі күйеуіне пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Оtyrar.kz.
Басылым мәліметінше, 48 жастағы ер адамның дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы полицияға жедел жәрдем бригадасы хабар берген. Тексеру барысында отбасылы ерлі-зайыптының арасында туындаған жанжалдан пышақ жарақатын алғаны белгілі болды.
"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) тіркелді. Қазіргі таңда қажет сараптамалар тағайындалып, болған істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Шымкент қалалсы полиция департаментінің баспасөз қызметі.