- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте өртсөндіру қызметінің...
Шымкентте өртсөндіру қызметінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Шымкентте өртсөндіру қызметінің басшысы қарамағындағылардың ақшасын алдап алып отырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Телеарна мәліметінше, Шымкентте өртсөндіру және апат-құтқару жұмыстары қызметінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметінше, күдікті өз қарамағындағылардың ақшасын алдап алып отырған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қатаң сөгіс алған.
"Ұсталған күдікті жақсы жұмыс істеді. Бірақ оның әрекеті құқық қорғау органдарының, Министрліктің беделіне нұқсан келтірді. Әрбір басшы өзінен бастап, Әдеп кодексін зерделеп, әріптестерін дұрыс жолға бағыттауы тиіс", - деді ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова