Шымкентте онлайн ойын арқылы танысып, балалардан интим сурет сұраған ер адам ұсталды

Шымкентте онлайн ойын арқылы танысып, балалардан интим сурет сұраған ер адам ұсталды
Фото: ІІМ

Шымкентте жасөспірімге заңсыз әрекеттер жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша ер адам интернет мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.

Анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан.

"Түрлі сылтаумен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интим сипаттағы суреттер мен видео жіберуді сұраған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget