- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте неке түнінде...
Шымкентте неке түнінде қалыңдығын ұрып өлтірген ер адам ұсталды
Шымкентте әйелін ұрып өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды. Ол тергеуден бойтасалап, ізін суытқан. Оған мамандандырылған соттың шешімімен халықаралық іздеу жарияланған еді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
26 маусымда Полиция департаментіне жедел жәрдем қызметкерлерінен қаладағы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Полиция қызметкерлері бұл деректі ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша Әл-Фараби АПБ-ның СДТБТ-ға тіркеген.
Полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің азаматтық некедегі күйеуі, 38 жастағы ер адамды анықтады. Ол тергеуден бойтасалап, ізін суытқан. Бір айдан кейін мамандандырылған соттың шешімімен оған халықаралық іздеу жарияланды.
27 тамызда Әл-Фараби АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Соталды тергеу барысында жасалған ауыр қылмыстың барлық мән-жайы анықталады.
Бұған дейін бірқатар БАҚ марқұмның небәрі 32 жаста екенін, оның Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалім болып жұмыс істегенін және неке түнінде өлтірілгенін жазған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек